Астанада әйел адам жүріп бара жатқан автобустан құлап түсті

25 Ақпан 2024, 03:19
10202
Бөлісу:
Астанада әйел адам жүріп бара жатқан автобустан құлап түсті
Фото: Мәди Искаков -архив

Желіде әйел адамның жүріп бара жатқан автобустан құлап түскен видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бейнероликтен адам лық толы қоғамдық көлікке әйел адамның кіріп, автобустың есігі жабылғаны көрініп тұр. Автобус қозғалып жүріп бара жатқанда есік қайта ашылып, әйел адам одан құлап түседі. Осы орайда автобус жүргізушісі көлікті тоқтатпайды. Қазір әйел адамға не болғаны белгісіз.

Бейнеролик авторлары оқиға 24 ақпан таңертең Астана қаласында болғанын растап отыр.

 

Желі қолданушылары автобус жүргізушісінің бейқамдығына, сондай-ақ әйелдің қасында болған жолаушылардың қоғамдық көлікті тоқтатпаған жайбарақаттығы мен немқұрайдылығын айтып, пікірлерін жазуда.

Әзірге көлік кешенін басқаратын операторлар оқиғаға қатысты пікір білдірген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы