Астанада аялдаманы зақымдаған вандал соның ақысын төледі

27 Наурыз 2024, 20:29
468
Бөлісу:
Астанада аялдаманы зақымдаған вандал соның ақысын төледі
Фото: Елорда әкімдігі

Елордалық полицейлер вандализм актілерімен және қоғамдық тәртіпті бұзушылармен күресті жалғастыруда. Тағы бір вандал жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ер адам мас күйінде аялдаманың кіреберіс есігінің әйнегін сындырған.

28 қаңтарда сағат 02:00-де мас күйінде астаналық аялдаманың кіреберіс есігінің әйнегін қасақана қолымен ұрып, сындырды.

Cодан кейін ол залалды өтеуге мәжбүр болды. Полиция 30 жастағы бұзушының жеке басын анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Астананың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен оған 20 АЕК (73 840 теңге) сомасына әкімшілік айыппұл салынды.

Биылғы наурыз айының басынан бері соттар мүлікті бүлдіргені, қоғамдық орындарды қорлағаны үшін 8 азамат жауапқа тартылды, жалпы сомасы 546 мың теңгеге 9 іс қаралды.

«Тоқта, вандал» акциясы аясында Астанада күндізгі және түнгі рейдтер, сондай-ақ тұрғындар арасында қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қала мүлкіне ұқыпты қараудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Акцияға еріктілер, белсенділер, танымал спортшылар, қоғам қайраткерлері және қала тұрғындары қосылды.

Акцияның мақсаты – вандализмнің кез келген көрінісін болдырмау және елордада тазалық пен тәртіпті сақтау.

Өзгелердің жаңалығы