Астанада аялдамалардағы ақпараттық таблолар уақытша өшірілді

5 Наурыз 2024, 17:51
378
Бөлісу:
Астанада аялдамалардағы ақпараттық таблолар уақытша өшірілді
Фото: CTS

5 наурыздан бастап жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты елорданың аялдама пункттерінде ақпараттық таблолар уақытша ажыратылды, деп хабарлайды BAQ.KZ CTS-ке сілтеме жасап.

Аялдамалардағы ақпараттық тақталар уақытша өшірілген. Сервистік қызмет көрсету аяқталғаннан кейін ақпараттық таблолардың жұмысы қайта басталады.

Естеріңізге сала кетейік, avtobys, 2 GIS және Яндекс карталарының қосымшаларында маршруттардың қозғалысы туралы ақпаратты бақылай аласыз.

Өзгелердің жаңалығы