Астанада ай сайын мыңға жуық адам инватакси қызметін пайдаланады

16 Маусым 2023, 09:23
674
Бөлісу:
Астанада ай сайын мыңға жуық адам инватакси қызметін пайдаланады
VIDEO
Фото: Елорда әкімдігі

Биыл Астанада мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау (инватакси) қызметін 113 автомобиль көрсетеді, оның 16-сы – мамандандырылған. Ай сайын бұл шаралармен мыңға жуық адам қамтылады, оның ішінде 600-ден астам бала бар, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ерекше қажеттілігі бар адамдарға инватакси қызметін ұсыну үшін мүгедектігі жөнінде дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып саналады.

Астана қаласында мүгедектігі бар адамдарды (18 жастан асқан) тасымалдау жөнінде қызметтерді мынадай орталықтар көрсетеді:

кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – «Мүгедектік технологиясын зерттеудің инновациялық ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС. Ол Абылай хан, 43/1 мекенжайында орналасқан, диспетчерлік нөмірлері: 8-708-425-36-56, 25-36-56. Жеткізушінің 6 мамандандырылған көлігі бар, ай сайын 75-ке жуық адамға қызмет көрсетеді;

- Дәрігерлік-консультациялық комиссияның ұсынымдары бар, бірақ кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдар үшін – «Астана қаласы мүгедек балалар қоғамы» ҚБ. Ұйым Сәтбаев, 31 мекенжайында орналасқан, диспетчерлік нөмірлері: 8-702-893-80-53, 8-702-793-58-21. Жеткізушіде 16 жеңіл және 1 мамандандырылған көлік бар, ай сайын 150-ге жуық адамға қызмет көрсетеді;

- көру қабілеті нашар адамдар үшін – «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ. Ұйым Момышұлы, 17А мекенжайындағы 55-кабинетте орналасқан, диспетчерлік нөмірлері: 87710460211, 49-76-91. Қызметтерді қоғамдық ұйымның 19 жеңіл автокөлігі көрсетеді, олар ай сайын шамамен 130 адамды қамтиды.

Астана қаласының мүгедектігі бар балаларды (18 жасқа дейін) тасымалдау жөніндегі қызметтерді мынадай ұйымдар көрсетеді:

кресло-арбамен қозғалатын мүгедек балалар үшін – Ақшоқы көшесі, 2 мекенжайындағы «ҚР Ұлттық паралимпиада комитеті» қоғамдық бірлестігі, диспетчерлік нөмірлері: 792700, 87012122115, 87769984839. Сегіз мамандандырылған автомобиль ай сайын шамамен 80 адамды тасымалдайды;

- мүгедек балалар үшін – «Астана қаласы мүгедек балалар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, Айтоған к-сі, 18 мекенжайында орналасқан, диспетчерлік нөмірлері: 498617, 87021798001, 87011323099. Жеткізушіде 61 жеңіл автокөлік және 1 мамандандырылған көлік бар, ай сайын 600-ге жуық адамға қызмет көрсетеді;

Инватакси қызметін күнделікті алу үшін жоғарыда аталған ұйымдарға телефон нөмірлері бойынша жоспарланған сапар күніне бір тәулік қалғанда өтінім беру қажет.

Өзгелердің жаңалығы