Астанада автобустар кейбір аялдамаларға тоқтамайды

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты жол учаскелері жабылып, бірнеше аялдама бос тұруға мәжбүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 25 Тамыз 2024 2024, 20:40
25 Тамыз 2024 2024, 20:40
650

Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты жол учаскелері жабылып, бірнеше аялдама бос тұруға мәжбүр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы әкімдігі жолдың жабық болуына байланысты қоғамдық көліктер Конституция көшесі бойындағы "Бахус СО" аялдамасына тоқтамайтынын хабарлайды.

Осыған байланысты №№ 5, 5А, 6, 20, 33, 72 бағдарлар аталған аялдамада жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді, - деп нақтылайды құзырлы ведомство.

Сондай-ақ Сығанақ көшесі бойындағы "Шығыс ТҮК", "Мечта СО", "Құлагер ТҮК" аялдамаларына да автобустар тоқтай алмайды. Осыған байланысты №№ 17, 29, 29А, 42, 44, 49, 56, 61, 63, 202 бағдарлары аталған аялдамаларда жолаушыларды уақытша отырғызып/түсірмейді.

Наверх