Астанада автобус жолақысын SMS арқылы төлеу уақытша тоқтатылды

26 Қыркүйек 2020, 21:37
1452
Бөлісу:
Астанада автобус жолақысын SMS арқылы төлеу уақытша тоқтатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда автобустарында SMS арқылы жолақы төлеу қызметі уақытша тоқтатылады.

Бұл жөнінде қалалық City Transportation Systems компаниясы Instagram парақшасында хабарлады.
Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары! Tele2 және Altel ұялы байланыс операторлары тарапынан техникалық ақауларға байланысты қоғамдық көлікте жол жүру ақысын SMS арқылы төлеу 28 қыркүйектен бастап уақытша тоқтатылады. Жүйе қалпына келген жағдайда қосымша хабарлаймыз, – деп мәлім етті компанияның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, жол ақысын көлік картасымен және QR-код арқылы төлеуге болады. Ол үшін мынадай мобильді қосымшалар бар: Kaspi.kz, Homebank, Senim, Рахмет, My Beeline, my Activ, OYBY, Plus24, SMSBUS және Astra Bus.


Өзгелердің жаңалығы