Астанада автобус бағанға соғылды

Астанада автобус бағанға соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 telegram.org/Astanovka98 15 Желтоқсан 2025 2025, 17:31
15 Желтоқсан 2025 2025, 17:31
768
Фото: telegram.org/Astanovka98

Астанада автобус бағанға соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Оқиға Керей мен Жәнібек хандар көшесінде болған. Жолда жүріп келе жатқан Iveco маркалы автобусының жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған. 

Керей мен Жәнібек хандар көшесімен қозғалып келе жатқан Iveco маркалы автобустың жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол шамдарының тіреуіне соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тексеру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Астана қаласының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада көтергіштің сым арқаны үзіліп, жұмысшы қаза тапқанын хабарладық. 

Наверх