Астанада ауа райына байланысты түскі ас пен такси ұйымдастырылды

13 Желтоқсан 2023, 17:17
565
Бөлісу:
Астанада ауа райына байланысты түскі ас пен такси ұйымдастырылды
Фото: gov.kz

Аязды ауа райына байланысты елордалық мешіттер «10 игі іс» акциясын қолдап, адамдарды тегін тасымалдайды және коммуналдық қызмет мамандарын ыстық түскі аспен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Мұндай акцияларды өткен жылдары да ұйымдастырғанбыз. Астананың аязды күндерінде азаматтарымызға көмек қолын созғымыз келеді. Өзге жүргізушілерді акцияға қосылуға және тұрғындарға көмектесуге шақырамыз, - деп атап өтті Астананың бас имамы Ерболат Жүсіпов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін елордалық еріктілер тұрғындарға ыстық шай мен бауырсақ тарату акциясын бастаған болатын. Олар аялдама кешендерін аралап, автобус салондарында кондукторларға, жүргізушілерге және жолаушыларға ыстық шай мен бауырсақ таратқан.

Қала тұрғындары эстафетаға қолдау көрсете алады, сол сияқты ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен ақпараттар немесе видеолар жариялай алады.

Бұл күндері Астанада саршұнақ аяз орнап тұр. Ауа температурасы -30 градусты көрсетіп тұр. Қала тұрғындары мен қонақтары абай болғаны, жарақат алып, үсік шалмас үшін көшеде ұзақ уақыт жүрмегені жөн.

Өзгелердің жаңалығы