Астанада «Атом улаған дала» кітабының тұсаукесері өтті

29 Қыркүйек 2022, 19:32
2262
Бөлісу:
Астанада «Атом улаған дала» кітабының тұсаукесері өтті

Астана қаласында саяси ғылымдар докторы, Олбани университетінің саяси зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Тоғжан Қасенованың қазақ тіліндегі кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Атом улаған дала: Қазақстанның бомбадан бас тарту жолы» монографиясы Қазақстанның кеңестік кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі ядролық тарихымен таныстырады. Кітапта Семей ядролық сынақ полигоны және өткен ядролық кезеңнің еліміздің бүгінгі күнінде қалай көрініс тапқаны туралы айтылады.

Еске сала кетейік, кітап алғаш рет 2022 жылдың ақпан айында Stanford University Press-те жарық көрді. 

«Atomic Steppe: How Kazakhstan gave Up the Bomb» атты ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты өткізді.

Өзгелердің жаңалығы