Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада ата-аналарға жұмысқа кешігіп баруға мүмкіндік берілді

Олжас АДАЙ
29 Шілде 2025, 13:05
1710
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Абулхатин Астанада баласын балабақшаға апаратын ата-аналар жұмысқа кешірек бара алатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан соң өткен брифингте Абулхатин алайда азамат үшін 8 сағаттық жұмыс кестесінің сақталуы керегін айтады.

Оқу жылы басталған кезде баласын мектепке немесе балабақшаға апаратын әкелер мен аналар үшін икемді жұмыс режиміне көшеді. Олар жұмыс кестесін өздері белгілейді және 9:30-10:00 қарай жұмысқа келулеріне болады. Бұл арнайы заң тетіктерінде қарастырылған. Сәйкесінше кейін кешірек кетеді, – дейді Абулхатин.

Өзгелердің жаңалығы