Астанада Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

1 Сәуір 2023, 17:27
1442
Бөлісу:
Астанада Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Оркестрдің сүйемелдеуіндегі әскери марш, теңізшілердің салтанатты киімі, қоғам өкілдері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері, осы әскер түрінің негізін қалаушы ардагерлер мерекелік көңіл-күйдің сәнін келтірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1993 жылдың екінші сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен елдің Әскери-теңіз күштері құрылды. Қарулы күштердің дербес әскер түрі ретінде олар «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлық шыққаннан кейін 2003 жылдың жетінші мамырында түпкілікті қалыптасты.

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Әскери-теңіз күштерінің жеке құрамы мен шараға қатысушылардың бәрін тарихи оқиғамен құттықтады.

Астанада Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Сіздер еліміздің Қарулы Күштерімен бір сапта Жаңа Қазақстанды құрудың стратегиялық бағдарламасын дәйекті түрде іске асырасыздар. Мемлекеттің қауіпсіздігін, азаматтардың бейбіт өмір сүріп, еңбек етуіне атсалысып, құрметті әрі жауапты міндетті орындап жүрсіздер, – деді ол.

Бұл әскер түрінің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған Әскери-теңіз күштерінің ардагерлеріне ерекше алғыс айтылды.

Астанада Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Қарулы күштердің ардагері, курсанттан бастап Тәуелсіз Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысына дейінгі әскери өмір мектебінен өткен контр-адмирал Ратмир Комратов бұл әскер түрінің қалай қалыптасқаны жайлы естеліктерімен бөлісті.

Астанада Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Салтанатты жиында корабльдердің үздік экипаждары марапатталды. Қызметтегі жетістіктері үшін полковник Уәлихан Сүлейменов, подполковниктер Иван Понамаренко және Алексей Шпилев, 3-дәрежелі капитан Василий Агапитов және 3-сыныпты старшина Ғалымжан Төлембаев атап өтілді.

Астанада Әскери-теңіз күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Бүгінде Әскери-теңіз күштері Каспий теңізінің акваториясында елдің ұлттық мүдделерін қорғауға қабілетті заманауи корабльдермен, қарумен және техникамен жарақтандырылған.

Шара Ұлттық әскери-патриоттық орталығының шығармашылық ұжымы қойған концертпен аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы