Астанада әскери қызметшілер арасында жүзуден чемпионат өтті

24 Сәуір 2022, 10:49
1207
Бөлісу:
Астанада әскери қызметшілер арасында жүзуден чемпионат өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде астана гарнизонның әскери қызметшілері арасында жүзуден жарыс өтті, деп хабарлады Қорғаныс  министрлігінің баспасөз қызметі.

Жарысқа 120-дан астам әскери қызметші қатысты. Жеке жарыстарда әйелдер 50 метр, ер адамдар 100 метр қашықтыққа жүзіп жарысты. Сонымен қатар чемпионат бағдарламасына 4х50 метрлік аралас эстафета да кірді.

Жарыс қорытындысы бойынша Қорғаныс министрлігі мен Бас штаб құрылымдық бөлімшелері арасында командалық есепте Жауынгерлік даярлық департаментінің әскери қызметшілері жеңіске жетті. Қарулы күштердің бас басқармаларының арасында бірінші орынды Тыл бастығы басқармасының командасы иеленді.

Өзгелердің жаңалығы