Астанада әскери ант қабылдау рәсімі өтті

27 Мамыр 2023, 14:31
1913
Бөлісу:
Астанада әскери ант қабылдау рәсімі өтті
PHOTO
Фото: автордан

«Отан қорғаушылар» алаңында Ақмола өңірлік гарнизонының 68665 әскери бөліміне келген 120 азамат Отанға адал болуға ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көктемде сапты толықтырған жастар жас жауынгер курсынан абыроймен өтіп, бір ай ішінде әскери істің негіздерін игерді. Олар жалпыәскери жарғыларды оқып, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығымен айналысты. Ал бүгін әскери ант қабылдаған сәттен Қарулы күштер қатарына қосылды.

Астанада әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Әскери ант қабылдаған сарбаздарымыздың ата-аналары 4 өңірден келді. Олар: Алматы қаласы және Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстары. Бүгін әскери бөлімімізде ата-аналарға ашық есік ұйымдастырылып жатыр. Ашық есікке жарты жыл әскери борышын өтеп жүрген сарбаздардың ата-аналары да келді. Олар сарбаздармен түскі ас ішіп, жатын орындарын қарайды, – деді 68665 әскери бөлімінің подполковнигі Абай Әлібеков.

Астанада әскери ант қабылдау рәсімі өтті

«Отан Ана» монументінің жанында өткен іс-шараға Қарулы күштердің ардагерлері, гарнизон әскери қызметшілері, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері, әскерге шақырылушылардың туған-туыстары қатысты.

Өзгелердің жаңалығы