Астанада «Ашық сахна» байқауы өтеді

15 Желтоқсан 2022, 14:12
1654
Бөлісу:
Астанада «Ашық сахна» байқауы өтеді

Қазақстанда Жас дарындарды қолдау мақсатында «Ашық сахна» байқауы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл байқау өнер саласындағы 18 бен 45 жас аралығындағы дарындарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылуда. 

«Ашық сахна» республикалық байқауы бес іріктеу кезеңнен тұрады. «Хореография», «Либретто», «Музыка», «Сценография» аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады. Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. Әр аталым бойынша жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлдемен қатар, «Астана Балет» театрының репертуарына қосылатын толыққанды хореографиялық туынды шығаруға мүмкіндік беріледі.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында «Астана Балет» театрының басшылығы мен еліміздің мәдениет және өнер саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер бар.

Осы тектес байқау өткізу идеясы көптен ойда жүрген еді. Міне бүгін оны толық жүзеге асыру мүмкіндігі туып отыр. Біздің, яғни, идея авторлары мен ұйымдастырушылардың негізгі міндеті – хореография өнері саласындағы дарынды хореограф, сценограф, композитор және сценаристерді тауып, оларға қолдау көрсету. Қазіргі заманғы отандық хореографияны дамыта түсу үшін, жас авторларды жаңа идея мен форма іздеуге ынталандырмақшымыз, - деп ойымен бөлісті, театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри.

Өзгелердің жаңалығы