Астанада «арзан сүр ет» сатамын деп 31 адамды алдаған кәсіпкер сотталды

Кәсіпкер сенімге кіру үшін бұрынғы тапсырыстар мен оң пікірлерді пайдаланған. Бірақ жаңа клиенттерге тауар жеткізілмеген.

5 Қазан 2026, 11:09
АВТОР
 pexels.com 5 Қазан 2026, 11:09
5 Қазан 2026, 11:09
161
Фото: pexels.com

Кәсіпкер Instagram және WhatsApp арқылы жылқының сүрленген етін арзан бағамен сату сылтауымен азаматтардан алдын ала төлем қабылдап, тауарды жеткізу жөніндегі міндеттемелерін әуел бастан орындауды ниет етпеген.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, сатып алушыларды алдау мақсатында ол бұған дейін орындалған тапсырыстар мен оң пікірлерді пайдаланған, ал алынған ақшалай қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Оның қылмыстық әрекеттері нәтижесінде 31 жәбірленушіге жалпы сомасы 1,7 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.

Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін толық дәлелдеді. Сот үкімімен келтірілген залалдың толық өтелгенін ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгіленіп, 2 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, - деп хабарлады елордалық прокуратура.

Үкім заңды күшіне енді.

Елорда прокуратурасы азаматтарды әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы сатып алу кезінде қырағы болуға және тексерілмеген сатушыларға алдын ала төлем ретінде ақша аудармауға шақырады.

Еске салсақ, бұған дейін Қызылордада мал шаруашылығына бөлінген қаржының 60 млн теңгесі қолды болғанын хабарладық. ҚМА мәліметінше, жобаға салынған қаражаттың бір бөлігі күдіктінің бақылауындағы шоттарға аударылып, қолма-қол ақшаға айналған.

Сондай-ақ, Қызылордада 416,6 млн теңге жымқырғандарға сот үкімі шықты. 

Тағы оқи отырыңыз: Әлеуметтік тұрғын үй дауы: Алматы облысында 101 млн теңге жымқырған үш адам сотталды 

Наверх