Астанада алты жеке сот орындаушысы жауапкершілікке тартылды

24 Қаңтар 2024, 01:36
1145
Бөлісу:
Астанада алты жеке сот орындаушысы жауапкершілікке тартылды
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінде 2023 жылы атқарылған жұмыстар туралы айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Мәселен, департаменттің хаттары негізінде 6 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екеуіне қатысты лицензияны тоқтата тұруға ұсыныстар жіберілді, бесеуіне қатысты тәртіптік комиссия тағайындалды.

Оның ішінде ведомствода азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралды. 2023 жылы қала соттары мамандарының іс-әрекеттеріне 34 (өткен жылы 41) өтініш келіп түсті, оның ішінде 4-і өз растауын тапты, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 7 өтінішке немесе 17 пайызға аз.

Айта кету керек, Сот әкімшілігі департаментіне «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс қорытындысы шығарылды. Осылайша, барлығы 29 мыңнан аса талап-арыз келіп түсті, олардың ішінде 79% электронды түрде берілді.

Ішкі істер органдары (әкімшілік полиция) «Сот кабинеті» сервисі арқылы 16 мыңнан аса әкімшілік материал жіберді, бұл 29,6% құрайды.

Өзгелердің жаңалығы