Астанада алимент өндіру бойынша 20 мыңға жуық іс қозғалған

2 Тамыз 2023, 16:06
705
Бөлісу:
Астанада алимент өндіру бойынша 20 мыңға жуық іс қозғалған
Фото: АҚКҚ

Бұл жайында Астана қаласы коммуникациялар алаңындағы брифингте Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Баспасөз мәслихатында «Жеке сот орындаушыларының жұмысын бақылау және алимент төлемдерін өндіру мәселесі» туралы сөз қозғалды. Айнабековтың мәлімдеуінше, Астана қаласы жеке сот орындаушыларында 19 890 алимент өндіру туралы атқарушылық өндіріс бар оның ішінде, 9915 атқарушылық өндіріс борышкерлердің жалақыларынан ай сайын ұсталса, 618 атқарушылық өндіріс борышкерге іздеу жариялануына байланысты тоқтатылған.

Бүгінгі таңда Астана қаласы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасында 244 жеке сот орындаушысы қызмет етуде. Жыл басынан бері Департаментпен жеке сот орындаушыларының қызметіне 149 жоспардан тыс бақылау, 75 жоспарлы бақылау жүргізіліп, нәтижесінде 99 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 3 ЖСО лизенциясынан айырылса, 2 ЖСО-ның лицензиясынан айыру туралы ұсыныс Әділет министрлігінде қаралуда, - деді Әділет департаменті басшысының орынбасары Азамат Айнабеков

Өзгелердің жаңалығы