Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Амман көшесінен А.Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде М.Әлімбаев көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты осы жылдың 14-16 маусымы аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.