Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 12:22
174
Бөлісу:
 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов
PHOTO
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

“Ақ жол” демократиялық партиясы ресми түрде әйелдер қанатын ашып, “Ақ жол арулары” республикалық форумын өткізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“Ақ жол” партиясы Әйелдер қанатының жетекшісі болып 2019 жылы партия атынан президенттікке үміткер ретінде ұсынылған Мәжілістің вице-спикері Дания Еспаева тағайындалды.

Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр
Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр

Еспаева өз сөзінде “Ақ жол арулары” форумын әйелдерді саясатқа тартып, қоғамдық, экономикалық тұрғыда белсенді болуға шақыратын алаң деп таныстырды. Айтуынша, онда әйел көшбасшылығына үлкен қолдау көрсетіледі.

“Ақ жол” демократиялық партиясының әйелдер қанаты форумын маңызды саяси қадам ретінде қарастыру керек. Ол формалды түрдегі құрылым немесе имидждік жоба емес, бұл – әйелге деген партия көзқарасын жария түрде мәлімдеуіміз, – деді ол.

Мәжілістің вице-спикері “Ақ жол арулары” форумын елдің саяси өміріне ықпал етудің маңызды партиялық платформасына айналатынын атап, әйелдер қанатының рөліне тоқталды.

Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр

Әйелдер қанаты бұл – партиямыздағы әйелдердің Парламентпен тікелей диалог орнату арнасы, өңірлерден келіп түсетін және күнделікті өмірдегі бастамаларды қалыптастыру тетігі, - деді Еспаева.

“Ақ жол” демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев партиядағы әйелдердің үлесін айқындап, форум жұмысына сәттілік тіледі.  

Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр

Партиямызда қаншама мықты, білімді, тәжірибелі ер жігіттер болса, қыздарымыз одан кем емес. Олардың ортақ ісімізге қосқан үлестері ерекше. Алғашқы форумға партияның әйел мүшелері жан-жақтан келіп отыр. Форум жұмысына сәттілік тілеймін, – деді ол.

Алматы облысынан келген “Ақ жол” демократиялық партиясының филиал басшысы Мейраж Шынасылова форумда онлайн жиналыстарда ғана көретін әріптестерімен жақын танысып жатқанын айтты.

Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр

Филиалдағылар бір-бірімізді күнделікті көрмесек те, әр дүйсенбі өтетін фракция отырысы бар. Сол фракцияда ғана көреміз. Сондықтан осындай үлкен форум аясында кездесу өткізіп, филиалдарда жұмыс істеп жатқан қыз-келіншектерімізді, әйел депутаттарымыз бен ауыл әкімдерін көріп, сол кісілермен жақын танысып, ой бөлісіп жатқаныма қуаныштымын, – деді ол.

Форум көшбасшы әйелдерді біріктіруге, олардың Қазақстанның қазіргі саясаты мен экономикасындағы рөлін талқылауға, сондай-ақ, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау стратегияларын әзірлеуге және әйелдердің қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуын кеңейтуге бағытталған.

Айта кетейік, форум аясында партияның Ұлттық кеңесінің отырысы да өтіп, онда Ұлттық құрылтайдың қорытындылары және қоғамдық-саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып жатыр.

Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр
Астанада алғашқы "Ақ жол арулары" республикалық форумы өтіп жатыр
Өзгелердің жаңалығы