Астанада алғаш рет Жас діни лидерлер форумы өтеді

Бөлісу:
Астанада алғаш рет Жас діни лидерлер форумы өтеді
Фото: Арман Мухатов

Ертең елордада Жас діни лидерлер форумы өтеді. Бұл туралы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Хатшылық пен Съездегі әріптестермен халықаралық қоғамдастықта тұжырымдаманы ілгерілету мақсатында маңызды жұмыстарды іске асырып жатыр. Съез серіктестерімен бірлесе отырып, Үндістан, Түркия, Мысыр мен Ватиканда тақырыптық дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Қазақстан – әлемнің рухани астанасы» тақырыбында тақырыптық экспозициялар, көрмелер, мұрағаттық презентациялар ұйымдастырылды, онда біздің суретшілер мен каллиграфтардың үздік жұмыстары ұсынылды, - деді министр.

Балаева ведомство Қазақстан мен шетелдің жоғары оқу орындарында Съез тұжырымдамасының идеяларын ілгерілету бойынша дәрістер сериясын іске асырылып жатқанын айтты.

Съез қызметі жөнінде әлемдік жұртшылықты хабардар ету мақсатында Съездер аралығындағы уақытта, оның ішінде үздік шетелдік БАҚ-та («Euronews», «BBS», «CNN», «Bloomberg», «Washington Post», «Al Jazeera», «Xinhua», «Vatican News») 1800-ден астам түрлі материал жарияланды.

Ақпарат министрі атап өткендей, тұжырымдама идеялары ҚР Мемлекеттік органдары мен шетелдегі дипломатиялық миссияларының, сондай-ақ Съездің халықаралық әріптестерінің 56 интернет-ресурстарында көрініс тапты.

Алдағы уақытта Бахрейннің Король Хамадтың жаһандық бейбіт қатар өмір сүру орталығымен, Қытай даосистер қауымдастығының Бейжің «Байюньгуань» ғибадатханасымен және Қытай буддистер қауымдастығымен, Иранның Мәдениет және исламдық бағдарлау министрлігінің Мәдениет және ислам байланыстары ұйымымен халықаралық іс-шаралар өткізу жоспарымызда бар. Сондай-ақ Съез тұжырымдамасы Меморандум форматында бірлескен күш-жігерді үйлестірудің жаңа деңгейін талап етеді. Осы орайда, Қазақстан тарапы Н.Назарбаев орталығы арқылы Съездің Даму тұжырымдамасын халықаралық деңгейде ілгерілететін дінаралық саладағы ынтымақтастық туралы 4 меморандумға қол қойды, - деп атап өтті Аида Балаева отырыста.

Министр айтып өткендей, ертең Съезд тарихында алғаш рет Жас діни лидерлер форумы өтеді. Іс-шараның мақсаты – жаһандық сын-қатерлерді шешу жолында ұрпақтар сабақтастығын жалғау, бірлесе күш-жігер біріктіру.

Форум аясында Съездер мен Хатшылықтардың діни материалдарының электрондық кітапханасының, олардың қатысушыларының, халықаралық ұйымдар өкілдерінің, мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдар мен сарапшылардың сөздері мен еңбектерінің таныстырылымы өтеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Оған қоса Ізгі ниет елшілері институтын құру жөніндегі бастама іске асырылды. Бұл өте маңызды іс-шара және біз рухани дипломатияны дамытуда елшілерден үлкен үміт күтеміз. Бүгінде жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, Съезд тұжырымдамасы алдымызға жаңа міндеттер қойып отыр. Алдағы он жылдағы біздің стратегиялық мақсатымыз – Съездің жаңа институттарын – әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі ниетті елшілерін және жас діни лидерлер форумын іске қосу арқылы рухани дипломатияны нығайту, - деп айтты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Бұған дейін Әшімбаев Қазақстан барлық елді зорлық-зомбылық пен күш көрсетуден бас тартуға шақыратынын атап өткен еді.

Еске сала кетейік, елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі XXІІ Хатшылығының отырысы өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы