Астанада алғаш рет паратеннистен ел біріншілігі өтеді

26 Шілде 2023, 09:19
921
Бөлісу:
Астанада алғаш рет паратеннистен ел біріншілігі өтеді
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Астана қаласында 27 шілдеде Арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметіне жасап.

Астанада тұңғыш рет арбадағы теннистен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. Жарысқа еліміздің 7 өңірінен 40 жуық спортшы қатысады. Жарыстың мақсаты - арбадағы теннис спорт түрін елімізде дамыту, қатысушылар арасында үздік спортшыларды аңықтап, ұлттық құрама сапына іріктеу, - делінген комитет таратқан ақпаратта.

Айта кетсек, арбадағы теннис елімізде енді дамып келе жатқан паралимпиадалық спорт түрі. Бұл спорт түрінен алғаш рет Қазақстан чемпионаты Алматы қаласында 2022 жылы өтті. Чемпионатқа 6 өңірден 20 спортшы қатысқан. Жарыс ертең сағат 10.00-де Астана қаласы «Дәулет» теннис орталығында өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы