Астанада алаяқ сот орындаушылары ломбардтан 200 млн теңге жымқырған

27 Ақпан 2023, 11:56
683
Бөлісу:
Астанада алаяқ сот орындаушылары ломбардтан 200 млн теңге жымқырған
Фото: Tengrinews.kz

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің апталық брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алаяқтарға тап болған жәбірленушілер мен адвокат елорданың «Есіл» ауданы полиция басқармасының аға тергеушісі Сәкенов Ержанға азаматтарға жанашырлықпен қарағаны, жоғары кәсібилігі, жеделдігі үшін ризашылықтарын білдірді. 2021 жылы екі алаяқ сот орындаушылары мен елорда ломбардтары арқылы автокөліктер беру сылтауымен алдын ала сөз байласып, жәбірленушілердің 200 млн теңгесін иемденген. Қылмыстық іс аға тергеуші Ержан Сәкеновке жүктелді, ол бірінші күннен бастап жұмысты белсенді түрде қосып, күн сайын 15-тен астам эпизод бойынша тергеу әрекеттерін жүргізді, - деп атап өтті ведомство өкілі Шұғыла Тұрлыбек. 

Белгілі болғандай, аға тергеуші кәсіби принципті көрсете отырып, мемлекеттік органдар мен ұйымдарға көптеген өтініштер жіберіп, тергеу жүргізген. 

Нәтижесінде сот ұсталғандардың кінәсін мойындады. Аға тергеуші Сәкенов Ержан сияқты қызметкерлеріміздің бар екендігі қуантады, - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін отбасылық жанжалдан соң қарағандылық әйел полиция көлігінде босанып қалғаны туралы жазған болатынбыз. 

Өзгелердің жаңалығы