Елордада адвокат алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.
Адвокат өзіне жүгінген азаматтардың мүддесін қорғай отырып, пайда табу мақсатында бірнеше рет алаяқтық жасаған. Салдарынан аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу арқылы жалпы 164,9 млн теңге қаражатын иемденген.
Ол аударылған қаражат жұмысына берілген ақы ретінде алғанынын айтып, алқабилерді сендіруге тырысқан. Алайда мемлекеттік айыптаушы оның осы қылмыстарды жасағанын дәлелдеді. Алқабилер сотының үкіміне сәйкес сотталушы бірнеше рет алаяқтық жасағаны және аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қоса мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген ведомство хабарламасында.
Бұл ретте пара заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.