Астанада 700 тонна стихиялық қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

27 Мамыр 2023, 20:14
1400
Бөлісу:
Астанада 700 тонна стихиялық қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды
PHOTO
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты

Нұра ауданы әкімдігінің қызметкерлері аумақты аралау кезінде қоқыс толы камазды байқады. Машина қалдықтарды шығару үшін бос жерлерге қарай бет алған. Қоқыс төгуге рұқсат етілмеген аумақта пайдаланылған құрылыс материалдарын шығару фактісі тіркеліп, табиғат қорғау полициясына берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Машинаның қай ұйымға тиесілі екеі анвқталып, жауапқа тартылды.

Астанада 700 тонна стихиялық қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

Бұзушы жеке өзі 30 ауыр жүкті жалдау ақысын төледі, олар 700 тонна стихиялық үйіндіні жойып, жиналған қоқысты арнайы полигонға шығарды. Сонымен қатар, кәсіпкерге әкімшілік айыппұл салынды.

Астанада 700 тонна стихиялық қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

Нұра ауданында заңсыз қоқыс төгілген 8 негізгі орын анықталды. Жүйелі жұмыстың арқасында қаланы ластайтын жосықсыз кәсіпкерлердің бірі табылды. Мысалы, бір күн бұрын олар осы учаскелерді аралап шыққан болатын. Ол кезде қоқыс көлемі мұндай үлкен емес еді, жосықсыз кәсіпкерлердің тек түнде келетіні анықталды. Осы бағыттағы жұмысты аудан бойынша жалғастырамыз, – деді Нұра ауданы әкімінің орынбасары Руслан Оралов.

Астанада 700 тонна стихиялық қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

Айта кетейік, Астанада қайта өңдеу үшін құрылыс және басқа да ірі қалдықтарды төгуге болатын 2 санкцияланған полигон

Өзгелердің жаңалығы