7 қарашада Астанада ауа райының күрт бұзылуына байланысты 0-7 сынып оқушылары сабақты қашықтан оқиды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы мәлімдеді.
7 қараша күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-7 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін бірнеше өңірде ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылды. Сондай-ақ елорда әуежайында әуе рейстері кешігіп жатыр.