Астанада 600-ге жуық мектеп картасы тәркіленді

5 Қазан 2023, 11:18
701
Бөлісу:
Астанада 600-ге жуық мектеп картасы тәркіленді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - Архив

Астанада оқу жылы басталғалы Көліктік бақылау департаментінің қызметкерлері оқушылармен және ата-аналармен қоғамдық көліктегі өзін ұстау бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқу орындарының жанындағы аялдамаларда арнайы жадынамалар таратылып, валидациялаудың маңыздылығы және жеке карталарды басқаларға не себепті беруге болмайтындығы түсіндірілді.

Мектеп карталарын пайдаланудың төмендеуі байқалады – 26,5%. Оқушылардың барлығы бірдей валидация жасамайды.

Құрметті ата-аналар, көлік картасының валидациясы қаншалықты маңызды екенін балаларға түсіндіруді сұраймыз. Бұл: 
- белгілі бағдардағы нақты жолаушылар санын көруге, нәтижесінде сол бағыттағы автобустарды арттыруға ықпалын тигізеді; 
- қажет болғанда баланың жүру бағытын көруге мүмкіндік береді. Ал бұл қауіпсіздік үшін маңызды! – делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.

Мектеп көлік картасын үшінші тұлғаларға беру бұзушылық және картаны алуға/бұғаттауға негіз.

Айта кетейік, биыл елордада 569 мектеп картасы тәркіленген.

Өзгелердің жаңалығы