Астанада 60 мемлекеттік балабақша ашылады

22 Қазан 2023, 07:26
809
Бөлісу:
Астанада 60 мемлекеттік балабақша ашылады
Фото: Артём Чурсинов

Бұл туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбек Jibek joly телеарнасының «Уәде» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына с3лтеме жасап.

Әкім балабақшамен, мектеппен қамтамасыз ету жоспарымен бөлісті.

Бұл күнде қаламызда 50 мың бала балабақша кезегінде тұр. Біз бұл мәселені шешуді қолға алып жатырмыз. Қазіргі уақытта сол мемлекеттік балабақшалардың құрылысын қайта бастау туралы шешім қабылдадық. Алдағы уақытта кезең-кезеңімен 60 мемлекеттік балабақща салатын боламыз, – деді Астана әкімі.

Сондай-ақ ол сұхбат барысында бұл күнде елордада «Жайлы мектеп» жобасымен 24 мектептің құрылысы жүріп жатқанын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы