Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді

5 Шілде 2024, 15:10
329
Бөлісу:
Астанада 6 шілде күні дрондар шоуы өтеді
Фото: gov.kz

ЭКСПО аумағында 6 шілде күні сағат 18:00-де «Open Air» мерекелік концерті өтеді. Концерт аяқталғаннан кейін дрондар шоуын өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Дрондар шоуының болжамды уақыты – сағат 22:15-те (22:30). Дрондар шоуы үшін аспанға радиомен басқарылатын 1250 аппарат ұшырылады, оның 70-і – пиротехникалық дрон. Бұл – дрон симбиозы мен пиротехниканың жаңа технологиясы. Шоу қазақстандық және шетелдік композиторлардың әуенімен үндестірілетін болады.

Шоу демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы