Астанада 5 млн теңгенің бензині заңсыз айналымда жүрген

11 Тамыз 2023, 16:30
594
Бөлісу:
Астанада 5 млн теңгенің бензині заңсыз айналымда жүрген
Фото: Мемлекеттік кірістер комитеті

Елордада мұнай өнімдерінің 38 мың литрге жуық заңсыз айналымы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында жалпы сомасы 5 млн теңгені (38 мың литр) құрайтын тауарға ілеспе жүкқұжаттарынсыз бензин мен дизельдік отынның заңсыз айналымы фактілерін анықтады.

Салық төлеушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 283-1 бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 сәуірінен бастап мұнай өнімдерінің жекелеген түрлеріне тауарларға ілеспе жүкқұжаттары міндетті түрде ресімделеді.

Өзгелердің жаңалығы