Астанада 5 айда 358 есірткі қылмысы тіркелген

8 Қараша 2022, 13:14
769
Бөлісу:
Астанада 5 айда 358  есірткі қылмысы тіркелген

Бұл туралы Астана қаласы полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильиных баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы Астана аумағында биыл 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізілді. 

Жедел-профилактикалық іс-шара есірткі, психотроптық заттар мен синтетикалық препараттарды өткізу және сақтау фактілерін анықтауға, заңсыз өсіру, транзиттеу фактілерінің жолын кесу, есірткіні таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтарды жою, сондай-ақ есірткінің жасырын зертханаларын анықтау бағытталған, - деп атап өтті бөлім басшысы. 

Сонымен қатар ол ішкі істер органдарының қызметкерлері мақсатты іс-шаралар өткізу үшін жедел топтар құрғанын атап өтті. Белгілі болғандай, осы бес ай уақыт ішінде үш жүзден астам қылмыс айқындалған.   

«Қарасора-2022» ЖПШ өткізген кезең аралығында елорда аумағында 358 есірткі қылмысы тіркелді. Заңсыз айналымнан 130 келідей түрлі есірткі заттары алынды. Олардың ішінде марихуана – 54 келі, гашиш – 61 келі және 14 келідей – синтетикалық есірткі анықталды. Есірткі қылмысына қарсы әрекет етуге бағытталған есептік кезеңде есірткі заттарын өткізудің 60 дерегі тіркелді, – деді Сергей Ильиных. 

Өзгелердің жаңалығы