Астанада 27 автобустың бағыты өзгерді

23 Шілде 2023, 12:34
495
Бөлісу:
Астанада 27 автобустың бағыты өзгерді
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Астаналық City Transportation Systems көлік компаниясы кейбір қоғамдық көліктің маршруты уақытша ауысқанын еске салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының мәліметінше, қала көшелерінде жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр.

Осыған байланысты № 1, 2, 4, 4А, 13, 19, 24, 24Н, 33, 70, 71, 52, 16, 44, 64, 48, 41, 51, 28, 15, 15А, 11, 8, 9, 5, 5А, 60 бағдарларының қозғалыс сызбасы жөндеу біткенше уақытша өзгереді.

Жаңа қозғалыс сызбасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Сапарыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - деп ескертеді компаниядан.

Өзгелердің жаңалығы