Астанада 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды

Бөлісу:
Астанада 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды
Фото: архив

19 жастағы жігіттің мәйітін табу фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол 9-қабаттың терезесінен құлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Тараптардың, оның ішінде марқұмның анасының барлық дәлелдері мен мәлімдемелері тергеу шеңберінде мұқият тексерілетін болады. Аталған іс Астана қаласы полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында, - делінген Астана қаласының ПД таратқан хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы