Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Астанада 15 мың жалған науқас тіркелген клиника ісі бойынша үкім шықты

Кеше, 23:28
192
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

Астанада сот әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) қаражатын заңсыз иемдену дерегі бойынша айыптау үкімін шығарды. Іс жеке клиниканың құрылтайшысы мен денсаулық сақтау жүйесінің қызметкеріне қатысты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, 2023 жылдың сәуір-шілде айлары аралығында клиника құрылтайшысы азаматтарды өз медициналық ұйымына жалған тіркеу схемасын ұйымдастырған. Ол бұл үшін Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының елордалық филиалының қызметкеріне жалған өтінімдерді бекіткені үшін ақша ұсынған. Қызметкер келісіп, қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, жалған деректерді растаған.

Нәтижесінде клиникаға 15 мыңнан астам адам заңсыз тіркеліп, ӘМСҚ-дан 80 млн теңгеге жуық қаржы алынған. Оның 7,5 млн теңгесі орталық қызметкерінің тікелей әрекетімен келтірілген залал болып танылды. Алынған қаражат айыпталушылар арасында бөлінген.

Прокурор клиника құрылтайшысын 5 жылға, ал серіктесін 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот серіктесін 3 жылға соттап, рақымшылық туралы заңға сәйкес жазаны 2 жыл 4 айға дейін қысқартты.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы