Астанада 14 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

29 Сәуір 2025, 21:49
494
Бөлісу:
Астанада 14 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

Астанада 1 мамырдан бастап №7, 20, 24, 24Н, 31, 33, 34, 41, 47, 56, 57, 61, 84 және 503 автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ, CTS көлік компаниясының мәліметінше, 1 мамыр күні Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайындағы орталық касса жұмыс істемейді.

Касса 2 және 3 мамыр күндері қалыпты режимде – сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз жұмысын қайта бастайды. Соңғы талон 17:45-те беріледі. Жексенбі – демалыс күні.

Қала тұрғындары мен қонақтарына маршруттарын жоспарлау және кассаға бару кезінде осы ақпаратты қаперінде ұстауды ескертілді.

Өзгелердің жаңалығы