Астанада 11 ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды

22 Шілде 2022, 02:17
1452
Бөлісу:
Астанада 11 ұрлыққа қатысы бар ер адам ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған 43 жастағы күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында қаскүнем таңғы уақытта Қарталы көшесіндегі жатақхана бөлмесіне еркін кіріп, иелерінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, Samsung телефонын жасырын ұрлап кеткені анықталды.

Белгілі болғандай, ер адам жатақханаларда бірнеше рет ұрлық жасаған. Ол бөлме тұрғындарының жұмысқа кетіп бара жатып, есіктерін ашық қалдырып кеткенін күтіп, сол сәтті пайдаланған.

Бүгінгі таңда оның елордадағы осыған ұқсас ұрлықтың 11 эпизодына қатысы бары анықталды. Қаскүнем қылмыстық жолмен тапқанын ұялы телефон сатып алушыларға немесе белгісіз адамдарға сатып жіберген.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, өз кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, – делінген ПД хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы