Астанада бірқатар автобус маршруттарының қозғалыс схемасы мен аялдама тәртібі уақытша өзгереді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
12 мамырдан бастап №307 бағыттағы автобус Қоянды ауылына жаңа уақытша схема бойынша қатынайды. Сонымен қатар, жұмыс күндеріне арналған қозғалыс кестесінде де өзгерістер болады.
Бұдан бөлек, №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 120, 120А, 307 және 317 маршруттары үшін «Көк базар» және «Орда базар» аялдамаларында жолаушыларды отырғызу және түсіру уақытша тоқтатылады.