Астана аудандары әкімдерінің есептік кездесу кестесі шықты

11 Қаңтар 2019, 09:50
4617
Бөлісу:
Астана аудандары әкімдерінің есептік кездесу кестесі шықты

Астана, baq.kz. Қалалықтар атқарушы органдардың істеген жұмысымен танысып, қаланы дамыту мен қалалық қызметтердің жұмысын жақсартуға қатысты өздерінің ұсыныстарын білдіре алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

21-31 қаңтар аралығында қаланың ашық алаңдарында халыққа және елорда аудандарының еңбек ұжымдарына есеп беру кездесулері ұйымдастырылатын болады. 

Тұрғындар шараға өз ниетімен қатысып, қаланы дамытудың барлық бағыты бойынша өз ұсыныстары мен кеңестерін білдіре алады. 

Халық алдында есепті Алматы, Байқоңыр, Есіл және Сарыарқа аудандарының әкімдері береді. Сонымен қатар, 11-15 ақпан аралығында қала  активі елорда әкімінің орынбасарлары: Сергей Хорошунның, Ермек Аманшаевтың, Қосман Айтмұхаметовтың, Асқар Әмрин мен Малика Бектұрованың есебін тыңдайды.

Азаматтарды қабылдау кестесін әкімдіктің ресми сайтында танысуға болады. Астана қаласының әкімдігі елорда өміріне бей-жай қарамайтын тұрғындарды кездесулерге қатысып, қала дамуына өз үлесін қосуға шақырады.

Өзгелердің жаңалығы