Астана-Зеленстрой директорына қатысты тергеу аяқталды

9 Қараша 2022, 18:45
2074
Бөлісу:
Астана-Зеленстрой директорына қатысты тергеу аяқталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А. Наурызәліге қатысты пара алу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады,  деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наурызәлі биыл 2 қыркүйекте «Табиғат НС Сервис» ЖШС директоры С. Карловадан Астана қаласының Алматы және Есіл аудандарын көгалдандыру мақсатында Мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін 9 млн теңге алды деген күдікке ілінген. 

Наурызәліге тағылған айыптар арнаулы жедел іздестіру іс-шарасының және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, куәгерлердің айғақтарымен және т. б. расталады.

 А. Наурызәліні ҚР ҚПК-нің 128-бабы бойынша ұстау - кінәсін толық мойындауына байланысты қолданылмады. 

Оның кінәсі туралы қорытынды шешімді сот қабылдайды. 

Өзгелердің жаңалығы