Астана вокзалында шетелдік азаматқа пышақпен шабуыл жасалды

Астанада полиция қызметкерлері теміржол вокзалы аумағында шетелдік азаматқа пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 pixabay.com 23 Желтоқсан 2025 2025, 19:09
23 Желтоқсан 2025 2025, 19:09
561
Фото: pixabay.com

Астанада полиция қызметкерлері теміржол вокзалы аумағында шетелдік азаматқа пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы пышақ жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Наверх