Иттерге қатысты зорлықтан кейін «Астана Ветсервис» директоры қызметінен кетті

13 Қыркүйек 2020, 15:47
1861
Бөлісу:
Иттерге қатысты зорлықтан кейін «Астана Ветсервис» директоры қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі бастамасымен жүргізілген қызметтік тексеру кезінде, «Астана Ветсервис» директоры жұмыстан босатылды.

Елорда әкімінің тапсырмасымен қараусыз қалған жануарларды қатыгездік таныту фактісі бойынша, тәуелсіз сараптама жүргізіледі. Кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылатын болады, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін елорда аумағындағы Ақсүмбе тұйық көшесінде волонтерлер жәбірленген иттерді тауып алғандығы туралы ақпарат тарады. Кейіннен қатыгездікпен жәбірленген иесіз иттерге қатысты тексеру жүргізіліп жатқаны да хабарланды.


Өзгелердің жаңалығы