«Astana» велошабандозы Италия чемпионатында төртінші орын алды

22 Тамыз 2020, 20:14
977
Бөлісу:
«Astana» велошабандозы Италия чемпионатында төртінші орын алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Astana Pro Team» велошабандозы Мануэле Боаро Италияның трассадағы чемпионатының әртүрлі стартпен болған жекелей сынында мәре сызығына төртінші болып жетті.

Бұл туралы Рrosports.kz сайты хабарлады. 

«Astana Pro Team» шабандозы 38,8 шақырым қашықтықты 47 минут 11,93 секундта жүріп өтті. Ол биылғы Италия чемпионы Филиппо Ганнеден 2 минут 12 секундқа қалып қойды. 

Бүгінгі жарысыма көңілім толады. Әрине, жүлделі орынға іліккім келді, сол мақсатқа ұмтылдым, бірақ төртінші орын да жаман нәтиже емес. Бүгін өзімді жақсы сезіндім. Сондықтан, топтық жарыста өзімді жақсы қырынан көрсетуге тырысамын. Бұл жарысқа мықтап кіріскендіктен, жақсы нәтижеге қол жеткіземін деп ойлаймын, - деді Мануэле Боаро. 


 

Өзгелердің жаңалығы