Астана тұрғыны өзгенің банк картасымен сауда жасаған

27 Ақпан 2024, 12:57
373
Бөлісу:
Астана тұрғыны өзгенің банк картасымен сауда жасаған
Фото: polisia.kz

Елорда тұрғыны полицияға әкесінің банк картасынан ақша аударылғанын хабарлап, арызданған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Аталған мән-жайды анықтау үшін Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары жүргізіп, нәтижесінде жоғалған банк картасымен түрлі сатып алуларды жасаған 18 жастағы елорда тұрғынын анықтаған. 

60 жастағы ер адамның картасын жоғалтып алғаны, оның телефонында ақшаны есептен шығаруға арналған мобильді қосымшасы болмағаны расталды. Жоғалған ақшаны ол банкке қолма-қол ақша алу үшін барғанда ғана білген. Осы уақытта жас жігіт екі күн бойы картадағы ақшаны пайдаланған. 

Ол 157 мың теңгені киім-кешек пен азық-түлік өнімдерін сатып алуға жұмсап үлгерген. Бұл факті бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жас жігіт кінәсін мойындады. 

Өзгелердің жаңалығы