Астана тұрғыны бардан гитара ұрлап кеткен

6 Желтоқсан 2022, 21:31
889
Бөлісу:
Астана тұрғыны бардан гитара ұрлап кеткен

Астана тұрғыны бардан гитараны ұрлап кеткен. Бұл турады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы ПД «Байқоңыр» ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деп күдікке ілінген 30 жастағы қала тұрғынын ұстады, - делінген хабарламада.

Тергеу барысында анықталғанындай, ер адам таңғы уақытта Кеңесары көшесінің бойындағы дәмханада болып, өзін ешкім бақылап тұрмағанын пайдаланып, дәмханаға келушінің гитарасын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңге. 

Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ұсталған адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырды. 

Өзгелердің жаңалығы