Астана тұрғындары азық-түлік өнімдерімен толық қамтылған ба?

28 Тамыз 2023, 13:37
2895
Бөлісу:
Астана тұрғындары азық-түлік өнімдерімен толық қамтылған ба?
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Бұл жайында Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев айты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Модератор «Астана тұрғындары негізігі әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етілген бе?» деп сұрақ қойды.

Ауыл шаруашылығы тауарларының көбі өңірлерден әкелінеді немесе импортталады. Бүгінгі таңда біздің қала бойынша тұтынылатын азық-түлік көлемі 2 млн-нан астам. Оның ішінде үш түрін ғана өндіреміз. Олар: ұн, макарон, нан. Сондықтан әкімдік тарапынан өндірісті ұлғайтуға ерекше көңіл бөліп отырмыз. Осылайша көлемі 72 млн тонна өндіріс пен тамақ саласында 9 инвестициялық жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, сүт зауыты, ет комбинаты, нан зауыты және жартылай фабрикаттар. Сондай-ақ өңірлерден келетін көкеніс қоймалары бойынша жобалар іске асып жатыр. Қуаты 14 мың тонна болатын екі жылыжай салынып жатыр. Бұдан басқа 3 көкеніс қоймасы салынуда, - деді Мақсат Жаңабаев орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Өзгелердің жаңалығы