Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

7 Желтоқсан 2022, 15:30
981
Бөлісу:
Астана қаласы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары лауазымына полиция полковнигі Дәурен Серікұлы Қазбеков тағайындалды. 

Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев оны жеке құрамға таныстырды. 

Дәурен Қазбеков 1982 жылы 19 қыркүйекте Ақмола облысы Көкшетау қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 20 жылдан астам, орта басшы құрамнан бастап, әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 

2017 жылдан 2019 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы; 

2019-2022 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің Байқоңыр ауданы Полиция басқармасының бастығы; 

2022 жылдан бастап Ақмола облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары: 

2022 жылғы 2 желтоқсаннан бастап Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
 

Өзгелердің жаңалығы