Астанада Қабанбай батыр даңғылының бір жолағын ішінара жабу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
City Transportation Systems компаниясының мәліметі боцынша,бұл LRT жобасының №105 станциясында топырақты қайта көму жұмыстарымен байланысты.
Шектеу "Астана Жұлдызы" аялдамасынан Хусейн бен Талал көшесіне қарай 100 метр қашықтықта 2025 жылдың қаңтар айының соңына дейін сақталады, – деп жазылған хабарламада.
Қала тұрғындарынан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұралады.