Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана процесі шеңберіндегі Сирия мәселесі бойынша кезекті кездесу Нұр-Сұлтан қаласында желтоқсан айының басында өтеді, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады. Бұған дейін жиын қазан айының соңында өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ конституциялық комитеттің жиналысына байланысты кейінге қалдырылып отыр."Желтоқсанда өтіп қалуы әбден мүмкін", - деді Мұхтар Тілеуберді.
Оның айтуынша қазір СІМ кепілгер елдердің – Ресей, Түркия және Иранның ресми жауабын күтуде.