Астана қаласының Сарыарқа ауданы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кедергісіз қол жеткізу құқықтарын қорғау бағытында тексеру жүргізді.
Талдау барысында денсаулық сақтау мекемелерінде пандустар, тұтқалар, шақыру батырмалары сынды қолжетімділік элементтерінің талапқа сай еместігі және кейбір нысандарда мүлде қарастырылмағаны анықталды.
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша прокурорлық қадағалау актілері енгізіліп, нәтижесінде 4 медициналық мекемедегі кемшіліктер жойылды.
Қабылданған шаралардың арқасында жүріп-тұруы шектеулі 900-ден астам азаматтың құқықтары қорғалып, қолжетімді орта қамтамасыз етілді.
Прокуратура халықтың барлық санаттары үшін кедергісіз әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.