Полиция киберқылмыс жасады деген күдікпен 48 адамды ұстады, олардың төртеуі — шетелдіктер. Операция барысында құқық қорғау органдары 200-ге жуық қылмыстық істің бетін ашып, жәбірленушілерге 26 млн теңгеден астам қаражатты қайтаруға көмектесті.
Сонымен қатар, полицейлер алаяқтық схемаларда қолданылуы мүмкін 400-ден астам SIM-картаны тәркіледі. Сондай-ақ 4 мыңнан астам фейк сайт бұғатталды, 3 мың банктік шот бұғатталды және Қазақстандықтардың атына жалпы сомасы 12 млн теңге болатын несие ресімдеу әрекеттеріне тосқауыл қойылды.
Елордалық полиция ескертеді: растау кодтарын хабарлауды, ақша аударуды, несие ресімдеуді немесе шұғыл түрде қаржылық операцияларды орындауды сұраған кез келген қоңыраулар мен хабарламалар — алаяқтықтың басты белгілері.