«Астана» ойыншысы Ресей клубына ауысады

11 Қаңтар 2021, 12:14
1520
Бөлісу:
«Астана» ойыншысы Ресей клубына ауысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың «Астана» командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Дмитрий Шомко Ресей чемпионатында доп теппек.

Футболшы Волгород қаласының «Ротор» клубымен келісімге келген.

Бұл команда осы маусымда Ресей премьер-лигасына оралған. Жақында «Астананың» беларуссиялық жартылай қорғаушысы Иван Маевскийді қатарларына қосқан.

Дмитрий Шомко елорда клубында 2011 жылдан бері ойнап жүр. 30 жастағы футболшыны Transfermarkt 1,5 миллиона еуроға бағалаған. Ол «Астана» сапында 253 матч өткізіп, 12 гол соққан. Сонымен қатар әріптестеріне 48 нәтижелі пас шығарған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 45 матчқа қатысқан.

Шомкодан бөлек, «Астананың» шабуылшысы Алексей Щеткин осы клубқа ауысуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы